Балаларды қорғау күніне мерекелік шара өтті

1019

0

Кеше Қызылорда облысының Полиция департаментінде Балаларды қорғау күніне орай және Қазақстан Полициясының 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде арнайы ұйымдастырылған  «Ашық есік» мерекелік іс-шарасы өткізілді.

Мерекелік бағдарламаның салтанатты ашылу рәсімінде Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Утегенов Амиржан Сермаханұлы кішкентай балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға үндейтін мейрам қарсаңында ұйымдастырылған іс-шараның маңызын атап өтіп, ата-аналар мен балаларды құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді. Жаздың алғашқы күнімен тұспа-тұс келген, бұл іс-шараға 70-тен аса бүлдіршін қатысты.

Аталмыш іс-шара, Қызылорда облысы Полиция департаментінің мұражайын тамашалаудан басталды.  Балалар мұражайда департаменттің тарихымен танысты. Оған қоса, жедел басқару орталығы мен жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерінің арнайы құралдары мен техникаларымен жақынырақ танысты. Сонымен қатар, кинология қызметі орталығының иттерінің шабуылдау әдістерін  қызыға тамашалады.

Мереке барысында, балалар полиция қызметкерлерімен әңгімелесіп, қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Естелікке сурет, видеоға түсті. Іс-шара соңында барлық балаларға тәтті сусындар мен балмұздақ таратылып берілді. Өткізілген іс-шара балалардың естерінде ұзақ қалатыны сөзсіз. Игі шара алдағы уақытта тағы да жалғасын табады.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<