Балалардың дұрыс тамақтануы басты назарда

335

0

Фото: Қазалы ауданы

Дұрыс тамақтану бала денсаулығының басты кепілі. Бүгінгі таңда еліміздегі білім ордаларының асханаларына қатысты сын көптеп айтылып келеді.

Осыған орай аймақ басшысы Н.Нәлібаев облысымыздағы барлық білім ордаларының асханаларындағы балаларды тамақтандырудың стандартын, жалпы оларға берілетін тамақтың сапасы тағы да сол секілді мәселелерді қадағалау жөнінде тапсырма берген болатын.

Бүгін осыған сәйкес аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов бастаған топ мүшелері Әйтеке би кентіндегі С.Сейфуллин атындағы №165, Ы.Алтынсарин атындағы №204 және №276 мектептерге барып мектеп асханаларының техникалық жабдықтарын, тазалығын, қоймадағы тағамдардың жарамдылық мерзімі сынды мәселелерді тексерді.

Мектеп асханаларын бақылау барысында көзге түскен кемшіліктерге байланысты мектеп директоры мен жауапты мамандарға кемшіліктер орнын шұғыл толтыруға байланысты қатаң тапсырма берілді. Балалар қауіпсіздігіне бағытталған жұмыстар жалғаса беретін болады.

Айта кетейік, топ құрамында Дәурен Оңғарбайұлымен бірге аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов, білім саласының ардагері Серік Қуанышбаев, аудандық санитарлық-эпидемиялогиялық бақылау басқармасы басшының орынбасары Майра Ршымбетова, аудандық мәслихат депутаты Күншығар Әбілов бірге жүрді.

Қазалы ауданының әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<