Балаларға арналған «Әл-Фараби» анимациялық телехикаясы жарыққа шықты

579

0

«Balapan» телеарнасы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай балаларға арналған «Әл-Фараби» телехикаясын жарыққа шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

2D техникасында жасалған телехикаяның жобасына әрқайсысы 8 минуттан тұратын 10 серия кірді.

Онда балалар атақты жерлесі, ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан, әлемге танымал ғалым және философ Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен оның ғылыми жетістіктерімен танысуға мүмкіндік алады. Жобада ғұламаның балалық шағы, ғылымға келу жолы кеңінен суреттеледі.

– Балалардың ел тарихын білуге, сондай-ақ Әл-Фарабидің ғалым мен ағартушы ретіндегі образы арқылы бүлдіршіндердің ғылымға деген ұмтылысын оятатындай білім беретін телехикаяны жасауды мақсат көрдік, – дейді «Balapan» телеарнасының директоры Мақпал Жұмабай.

Жобаның басты мақсаты – мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар арасында ғылыми білімның маңыздылығын насихаттау.

Анимациялық телехикая Нұр-сұлтан уақытымен 20:30, 23:00-де дүйсенбіден жұмаға дейін «Balapan» телеарнасында көрсетіледі. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<