Балаларға арналған оңалту орталығы ашылады

795

0

Сонымен қатар, «Көп бейінді облыстық балалар ауруханасы» базасында 2 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға арналған оңалту орталығы ашылады. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова мәлімдеді.

«Атамекен» ҰК палатасымен бірлесіп сауда орталықтарында арнайы күтімді қажет ететін балалар үшін «Денсаулық бұрыштарын» ашу жоспарлануда. Әлеуметтік қолдау көрсету үшін әртүрлі санаттағы балаларға «Жақсылық жаса балаға» мереке күндеріне орай қайырымдылық шаралары мен «Бірге армандайық» ауыр дертпен ауыратын балаларды кумирлерімен кездесу шарасын ұйымдастыру жоспарланған.Айта кетейік, балалар жылында ең үздік деп танылған жобалар мен белсенді қатысушылар «Ең үздік әлеуметтік жоба», «Мейірімді жүрек» номинация бойынша марапатталатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<