Балаларға – базарлық

1310

0

«Балаларды қорғау күні» деп белгіленген елеулі күнді барлық балалар асыға күтеді. Бұл балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты және жыл сайын күтетін басты мерекелерінің бірі.

Жаздың жаймашуақ алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін бұл мерекенің тарихы әріде. Әлем назарын бүлдіршіндердің құқығын, өмірі мен денсаулығын қорғауға аудару мақсатын көздейтін халықаралық мерекенің маңызы зор. Сондықтан да, бұл мерекені тойлаудан еш бала шет қалмауы тиіс.

Осыған орай бүгін Қызылорда облысы жеке сот орындаушылар Өңірлік палатасының басшысы және жеке сот орындаушыларымен Қызылорда облысы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болып, балалардың жай күйімен танысты. Ондағы тәрбеленуші тастанды және мүгедек баларды аталмыш мерекемен құттықтап, құны 800 мың теңгенің ойын лабиринтін сыйлады. Мақсат балардың көңілін аулау, жүздеріне сәл де болса қуаныш ұялату. Қуанса бала қуансын!

Жеке сот орындаушылар Өңірлік палатасы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<