Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада әлеуметтік қорғаусыз балаларды қоғамға бейімдеу мақсатында «Мейірімділік жолымен» атты мерекелік кеш өтті.
Бала жүрегіне қуаныш сыйлаған шарада мүмкіндігі шектеулі балаларға арнапоблыстық филармонияның «Әдемі» балалар музыкалық театр студиясы Н.Жұбатқановтың «Тапқыр тышқан» қойылымын сахналады. Сондай-ақ, «Айханым» шығармашылық орталығының, Т.Рысқұлов атындағы №222 орта мектебінің,М.Шоқай атындағы №187 ІТ-мектеп-лицейінің, Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гиназиясының оқушылары ән шырқап, би билеп балаларға шуақты сәт сыйлады. Жақсылық жасау – әр адамның міндеті.
Ізгілік нұрын сепкен шараға қаламыздағы №253 орта мектептің, №2 облыстық балаларды оңалту орталығының, №5 көру қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернатының, №7 арнайы түзету мектеп-интернатының Талсуат елді мекеніндегі психоневрологиялық диспансерінің және үйден әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің тәрбиеленушілері қатысты.
«СБ» ақпарат
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<