Баласымен үйде отыруға мәжбүр ата-аналарға ақы төленетін еңбек демалысы қалай беріледі?

441

0

Баласымен үйде отыруға мәжбүр ата-аналарға ақы төленетін еңбек демалысы қалай беріледі? Баласымен үйде отыруға мәжбүр ата-аналарға ақы төленетін еңбек демалысы қалай беріледі? Бұл сұраққа ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі комитетінің төрағасы – ҚР бас мемлекеттік еңбек инспекторы Ербол Нұрғалиев жауап берді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Президент жұмыс берушілермен бұл мәселені бірлесе жүргізуді тапсырған еді. Қазіргі уақытта біздің министрлік облыс әкімдіктеріне кеңестерді жолдады. Тиісінше қазір жұмыс берушілермен түсіндіру жұмысын жүргізу керек. Бірақ қазіргі қолданыстағы кодекс бойынша ақы төленетін еңбек демалысы кестеге сәйкес немесе тараптардың келісімі бойынша кез келген уақытта беріледі. Еңбек заңнамасы бұған қарсы емес», – деді Ербол Нұрғалиев.
Еске сала кетсек, Ақордада кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен жедел әрекет ету штабының отырысы өткізілген болатын. Отырыс барысында Президент баласымен үйде отыруға мәжбүр ата-аналарды ақы төленетін еңбек демалысына жіберуді тапсырып, жұмыс берушілермен осы тапсырманы іске асыру шеңберінде жұмыс жүргізуді жүктеген болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<