Арал ауданы тұсындағы кіші Арал теңізінің № 6 учаскесінде балық аулау кезінде бір адам суға кетті. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Саид Молдақараев мәлімдеді.
16 тамыз күні Арал ауданының 1965 жылғы тұрғыны пластмасса қайығымен балық аулауға шыққан. Содан аударылып, суға батып кеткен.
– Бүгін, 17 тамыз күні сағат 10.45-те мәйіті табылып, судан шығарылды. Азаматтардың суға түсу және балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауын, абай болуын сұраймыз, – деді Саид Шазындаұлы.
Қызылорда облысында жыл басынан бері 6 адам балық аулау кезінде суға кетті.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<