Балық аулаудың тәртібін білесіз бе?

972

0

Әуесқойлық (спорттық) балық аулау – бір-бірлеп аулауға ғана (кәсіпшілік емес аулау құралдары) мүмкіндік беретін аулау құралдарымен жүзеге асырылатын, спорттық және эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру, спорттық жарыстарды өткізу мақсатында, сондай-ақ аулап алынған өнімді жеке тұтыну үшін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.

Әуесқойлық (спорттық) балық аулау бір балық аулаушыға бес данадан аспайтын ілмектері бар қармақтардың барлық жүйелерімен және атауларымен (жылтырауық, қармақ, жыртқыш балықтарды аулауға арналған қармақтар, спиннингтер), су асты аңшылығына арналған қарумен, сондай-ақ бір балық аулаушыға үш данадан аспайтын шаяндар мен басқа да су жануарларын аулауға арналған арнайы аспаптармен, қақпандармен және секреттермен жүргізіледі.

Арнайы құрылатын аспаптар мен су асты аңшылығына арналған қару халық демалатын аймақтан тысқары арнайы бөлінген жерлерде, сонымен қатар жануарлар дүниесін пайдаланушымен белгіленген арнайы орындарда, бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде рекреациялық балық аулау үшін пайдаланылады.

Балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында әуесқойлық (спорттық) балық аулау бір балықшыға бір шыққанда бес килограммға дейін ақысыз қандай да бір рұқсатсыз жүзеге асырылады.

Балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында әуесқойлық (спорттық) балық аулау бір балықшыға бір шыққанда бес килограммнан астам ақылы түрде жергілікті атқарушы органдарымен берілген рұқсат бойынша жүзеге асырылады.

Бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулау жеке адамдарға жануарлар дүниесін пайдаланушымен берілген жолдамасына сәйкес олардың ауызша және жазбаша өтініштері бойынша жүзеге асырылады.

Балық аулаушы әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру кезінде өзімен бірге:

         1) жолдама (бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде);

         2) рұқсат (балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында бес килограммнан астам балық және басқа да су жануарларын аулау кезінде);

         3) жеке басты куәландыратын құжат болады.

Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<