Балық қорын сақтаймыз десек…

455

0

Бүгінде облыс аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындары мен учаскелерінде мұз қабаты қалың болып қатты. Осы уақытта онда мекен ететін балық пен басқа да су жануарларының тұншығып, оттегінің жетіспеуінен жаппай қырылу қаупі туындау ықтималдылығы артуы мүмкін.

Мұндай жағдайда мұз шұңқырларын бұрғылау және мұз ойықтарын ою жұмыстарын жүргізу арқылы балық қырылуының алдын алуға болады. Бұл жұмыстар арқылы оттегінің су қабатына еркін енуіне және су құрамындағы қажетті оттегі көлемін тұрақты ұстап тұруға мүмкіндік жасалады.

Айта кеткен жөн, «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» заңның 21-бабы 1-тармағында бекiтiлiп берiлген балық шаруашылығы су айдындарында және учаскелерiнде жаппай ауру, дүлей зiлзала кезiнде және басқа себептер салдарынан қырылу қаупi төнген жағдайларда жануарларға көмек көрсетудi балық шаруашылығы субъектілері жүзеге асырады деп көрсетілген.

Аталған іс-шараларды жүргізу барысында су үстіндегі техникалық қауіпсіздік ережелерінің талаптарын қатаң сақтау қажеттілігін назарға алуды сұраймыз. Балық қорын сақтау мүмкіндігін жіберіп алмай, осы шараның жоғары деңгейде өтуіне өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.

Келешек ұрпаққа мұра болып қалатын балық қорын сақтауға атсалысайық!

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<