Облыс әкімінің бірінші орынбасары С. Қожаниязовтың 2023 жылға арналған облыс көлеміндегі күріштік алқаптарда қалған балық шабақтарын құтқару шарасының іс-шаралар жоспарына сәйкес «Шиелі орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ-нің қызметкерлері және «Мақсат» шаруа қожалығының жұмысшыларымен бірлесіп 25 қыркүйек күні «Шабақ құтқару-2023» акциясы ұйымдастырылды.
Акцияға 5 адам және 1-уаз, 1-МТЗ 80 тракторы жұмылдырылып, Иіркөл ауылдық округіне қарасты күріштік алқабындағы каналдар мен қашыртқылардан 15900 дана балық шабақтары құтқарылды.
Құтқарылған балық шабақтарын Бәйгеқұм ауылдық округінде орналасқан резервтік қордағы «Ханқожа» су айдынына жіберілді.
«Шиелі орман және жануарлар дүниесін
қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<