Балықтардың уылдырық шашуына тыныштық факторының маңызы

1158

0

Көктем мезгілінде Қазақстан Республикасында уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынатыны баршаға мәлім. Балықтарды аулауға тыйым салынған кезеңде аула­ған аза­маттар Қазақстан Республи­ка­сының «Әкімшілік құқық бұ­зу­­шы­лық туралы» кодексімен көз­дел­ген баптарымен айып­талады.Балық аулауға тыйым салудағы басты мақсат су жәндіктерінің табиғи өсімін молайту. Балықтардың көктемгі уылдырық шашуы оларды аулауға мүлде тыйым салынады. Сондықтан, сала мамандары 10-мамырдан бастап 20-шы маусым аралығында өзен көлдерге аулау құралдарымен барғандарға айыппұл салатын болады. Жалпы, осы кезеңінде уылдырық шашатын айдындарда моторлы қайықтармен және басқа да жүру құралдарымен жүруге тыйым салынады.

Уылдырық шашу – балықтардың жетілген уылдырықтары мен ұрықтарын шашып, ұрықтандыруы. Көптеген балық түрлерінің ұрықтану сыртқы ортада, ұрғашыларының денелерінен аулақ, суда, шабақтарынын өсіп-жетілуіне қолайлы, белгілі бір жерде өтеді. Балықтардын көптеген түрлері уылдырық шашу үшін өзенмен бірнеше мың шақырым жерге көтеріледі. Тұщы су балықтары уылдырығын тасқа, (митодильділер-бекрелер, бырт-балықтар), өсімдіктерге (фитофильділер – сазан, таоан) және уылдырығын судың қалың ортасына салатындары бар (пелагофильдер – дөңмайдай балық). Теңіз балықтары уылдырықтарын су түбіне немесе суға шашады. Суық су қоймаларындабалықтаркөктемде, жазда, күзде уылдырық шашады. Тропикалық суларда – жыл бойы.

Біздің елімізде іс жүзінде барлық балық мекендейтін тұщы су айдындарында, балықтар уылдырық шашу арқылы көбейеді. Балықтардың уылдырықтарының саны балық түрлеріне қарай әртүрлі болады және жыл сайын өзгеріп отырады. Мысалы, тұқы шамамен 1,5 миллион уылдырық береді, ал жайын балықтары өте аз мөлшерде уылдырық шашады – шамамен 500 уылдырық. Уылдырық шашар алдында балықтар суайдындардың ағысы төмен жағалауларына шыға бастайды. Балықтардың түрлеріне байланысты уылдырық шашатын орындары да әртүрлі болып келеді. Кейбір балықтар жыл сайын уылдырық шашқан орындарын таңдаса, кейбір балықтар судың қайраң, өте терең емес бөліктеріне қарай ығысады.

Уылдырық шашу кезінде судың температурасы маңызды рөл атқарады. Уылдырық шашу үшін су температурасы оңтайлы болуы керек, өйткені балықтың өзі де, уылдырықтарда сыртқы өзгерістерге өте сезімтал болып келеді. Сонымен қатар, су температурасы мен оның гидрохимиялық құрамы балықтарға сәйкес келмесе, онда мұндай суайдындарға олар ешқашан уылдырық шашпайды. Алайда, кейбір жыртқыш балық түрлері суық суда да уылдырық шаша береді.

Облысымыздың балық шаруа­шылығының дамуына жанашыр бо­лайық, балық ресурстарының уылдырық шашуына кедергі бол­майық, қаскөйлікке жол бермейік.

Ұ.ҚОЖАБАЕВ,

Барсакелмес мемлекеттік

табиғи қорығының

ғылыми  қызметкері

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<