Бүгінде бананды күнделікті болмаса да жиі пайдаланамыз. Ол жағымды әрі тәтті ғана емес, денсаулыққа аса пайдалы. Мамандар оның құрамында 90 ккал күш-қуат, 20%-көмірсутегі, 16% – қант, мұнан өзге E, C, B6 сияқты дәрумендер барын анықтады. Сонымен қатар калий, магний, натрий секілді микроэлементтерді, май құрамы табылады. Бананның талшықтары ағзаға тез сенгіштігімен де астың қорытылуын жеделдетеді. Егер сіздің қан қысымыңыз жоғары болса, күнделікті дастархан мәзіріне осы тропикалық жемісті енгізіңіз. Дәрігерлер күніне екі рет банан жеу қан қысымы төмендетіп, инсульттің дамуына кедергі жасайтынын ескертеді. Банан қабылдауды диетаға айналдыру арқылы артық салмақтан арылуға болды.
3-4 күнге есептегенде 3 келідей салмақ тастау үшін бір күнде 3 банан және 3 стакан майсыз сүт ішесіз. Егер күніне 5 рет тамақтанатын болсаңыз, айтылған мөлшерді 5 ретке бөлуге болады. Егер сүт іше алмасаңыз 1% майлылығы бар айран ішуге болады. Бұл тағамдарды талғамыңызға қарай жеке-жеке болмаса араластырып тұрыңыз. Ұзақтығы 3-7 күнге есептелген арықтаудың шарты: күніне 1,5 келідей және тәбетіңіз тартқан кезде банан қабылдау. Мұндайда шөліңізді көк шаймен басуға тура келеді. Тек құмшекердің орнына қалаған мөлшерде қант алмастырғыш тұтынған жөн.Сонда бір күнде тұтынылған тағам қуаты 1300 ккал шамасында болады. Бұған қоса, банан ағзадағы зиянды қалдықтарды сыртқа шығарады, өт, бауыр, асқазан жолдарын тазартады. Күйзеліс, көңілсіздік, стресс кезінде көмекке келеді. Көңіл-күй гормонының пайда болуына септігін тигізеді. Бананды көп мөлшерде аяғы ауыр және жас сәбиі бар келіншектер, қарт кісілер, кішкентай бөбектер пайдаланғаны жөн. Сондай-ақ, кез келген жанның күнделікті ас мәзірінде бір-екі тал банан болғаны абзал. Банан операциядан кейін, ауыр физикалық жаттығулардан кейін өте пайдалы. Ол ағзаны қалыпқа келтіруге мол үлесін қосады. Сонымен қатар, бананды шаршаған немесе ашуланған кезде, тіпті емтихан-сынақ алдында пайдаланған дұрыс. Банан таңдаған кезде оның сыртқы қабығы мен сабағына мән беріңіз. Сыртқы қабықта қара дақтар әрі өзі қатты болмауы керек. Оның түсі бір қалыпты, үсті жылтырлауы керек. Бананның қабығы да кәдеге жарайды. Мәселен, ол күмісті тазалайды. Бананның қабығы өңі кетіп қалған күміс заттарды қалпына келтіреді. Ол үшін қабықты блендерде тіс пастасына ұқсағанға дейін су қосып еземіз. Артынан жұмсақ матамен күмісті тазаласақ, біртіндеп қара дақтардың кетіп жатқандығын көресіз.
ЕСКЕРТУ: бананның құрамында белок өте аз мөлшерде болатындықтан 6-7 күн диета ұстаған жағдайда қосымша 2 жұмыртқа жеуге болады. Банан диетасының пайдасы: Жемістің құрамында калий көп болғандықтан жүректің бұлшық еттерінің жұмысы жақсара түседі. Егер ағзаңызды тазартқыңыз келсе, күріш диетасына отырыңыз. Калийде тоқ ішекті және зәрді жүргізетін қасиеттер бар. Банан жеп жүрген күндері іштің қатуын болдырмай, ішектерді тазалап береді.
Зияны: егер сіз бананды сүйсініп жемейтін болсаңыз, мұндай диетадан кейін оған қарай да алмай қаласыз. Егер банан диетасынан кейін бірден өзіңіз сүйіп жейтін тағамдарға ашқарақтана қол салсаңыз, тастаған салмағыңызды сол сәтте-ақ қайтадан жинап аласыз.
Бұл диетаның артықшылығы: Ішекте қалып қойған тамақ қалдықтарды кетеді;
Ағзаңыздағы зат алмасуға оң ықпалын тигізеді;
Теріңіз жасара түседі.
Бірақ ертеңіне майлы және тәтті тағамдар жей бастасаңыз бәз-баяғы қалпыңызға түсетініңіз есіңізде болсын!
«СБ» ақпарат
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<