«Банктер кредит беруден бас тартты». Бірнеше жылда кәсіпкерге айналған Иіркөл тұрғынының әңгімесі

1445

0

Банктердің бизнесті қаржыландыруға аса ықылас танытпай отырғаны Президенттің биылғы Жолдауынан тыс қалмады. Мемлекет басшысы: «Екінші деңгейдегі банктер шағын жобаларға, әсіресе ауылға арнап ақша салмайды. Сондықтан микроқаржы ұйымдарының әлеуетін іске қосу керек. Олар жергілікті жерде жұмыс істейді. Өзінің тұтынушыларын, олардың бизнесі мен мүмкіндіктерін жақсы біледі», деді.

Расында да, микроқаржы ұйымдарының басты мақсатының бірі – ауыл халқын, ауылдағы кәсіпкерлерді қаржыландыру. Мысал ретінде, KMF микроқаржы ұйымы туралы айтуға болады. Нарыққа 24 жыл бұрын келген бұл ұйымның жалпы кредит портфелінің 130 миллиард теңгеден астамы кәсіпкерлерге берілген. Ал, жалпы клиенттерінің 68 проценті – ауыл адамдары.

Сонымен қатар, KMF-тің қаржыландыруымен кәсібін дөңгелеткен іскер отандастырымыз 183 мыңнан аса жұмыс орынын ашса, 90 мыңнан аса адамның кіріс көзі бүгінде мал шаруашылығы мен егіншілікте. Солардың бірі – Қармақшы ауданы Иіркөл ауылының тұрғыны Мұғалла Есенаманқызы Әзбергенова. Ол білім, байланыс салаларында қырық жылдан астам уақыт еңбек етіп, зейнетке шыққан соң баласының кеңесімен несие алып, мал басын көбейтуді қолға алған.

Ауылдастары қалаға жұмыс іздеп кетіп жатқанда, балаларын да туған жерінен қия бастырмаған ол аз ғана малға ие болып, оны қалай көбейтудің жолдарын қарастырды. Ол үшін KMF микроқаржы ұйымынан алғашында 1 миллион теңге микрокредит алып, Жамбыл облысынан 10 баспақ сатып алыпты. Климаты, жер түгі басқа аймақтан келген малдың әуелде жерсінуі қиын болса да, кейін үйреніп кеткен.

– KMF-тен екінші мәрте 3,5 миллион теңге микрокредит алып, Түркістан облысының Қарабұлақ жерінен гиссар тұқымды қойлар алдырдық. Нәтижесінде етті молынан беретін жаңа төл шығару ісін қолға алдық. Ерекшелігі – бұл қойлар жылына екі рет төлдейді. Ауылдағы қойлардың ең күйлісі 20 келі ет берсе, гиссар аталықтары 80 келіге дейін ет береді. Мұнымен тоқтап қалмай, Орал өңірінен 10 қошқар алдырдық. 7-8 айлық тоқтылардың әрқайсысын 95 мың теңгеден сатып алдық, – дейді Мұғалла Есенаманқызы.

«Банктер кредит беруден бас тартты». Бірнеше жылда кәсіпкерге айналған Иіркөл тұрғынының әңгімесі

Зейнеткер өзін кәсіпкер емес, қарапайым ауыл шаруасымын дейді. Бүгінде ата кәсіптен береке тапқан отбасы дастарханын сүт, ірімшік, құрт пен майға толтырып отыр. Бармағынан бал жалап, оның жемісін көріп отырған жайы бар, əрі ештеңеден тарықпай өмір сүруде. Ет-сүт өнімдерімен тек өз отбасын асырап қана қоймай, артық өнімдерін базарға шығарып, үйге, тұрмысқа қажетті керек-жарақ заттарын алады.

– Әдетте, ауылдық жерде жалақы көлемі төмен және табыс көзі ауыл шаруашылығынан түскен өніммен байланысты. Сол үшін банктен кредит алу кезінде қиындыққа тап болып жатамыз. Банк тұрақты табыс көрсеткішін дәлелдеуді, кепілге аса құнды мүлікті қоюды талап етіп, кредит беруден бас тартқан кезде KMF қол ұшын созды. Қазір осы қаржы ұйымының тұрақты клиентімін. Қызметтерінің барлығы ыңғайлы. Соның арқасында қорамда мал жиналды. Ең бастысы, ұтымды еңбектің, үздіксіз ізденістің нəтижесі болатынын ұмытпаған жөн, – дейді Мұғалла Есенаманқызы.

Зейнеткер балаларын көзін ашқаннан еңбек тəрбиесіне баулып, үй шаруасына кеңінен араластырды. Сол себепті де балалары еңбексүйгіш, өмірге икемді болып өсіп келеді. Бүгінде алдыңғы екі микрокредитін толық өтеп, үшінші рет 3 миллион теңге көлемінде алған. Қазір сол қаржыға Түркістан облысынан асыл тұқымды сиырлар алдырып, мал басын асылдандыруда.

Айта кетейік, KMF – Қазақстандағы ең ірі микроқаржылық ұйым. Отандық қаржы нарығына 1997 жылы келген компания елімізде берілген микрокредиттердің жалпы көлемінің 30 пайызына ие. Компания өкілдерінің айтуынша, мұндай нәтижелі жұмыстардың өзіндік құпиясы бар, ол – бірінші кезекте ұйымның емес, клиенттің әлеуметтік жағдайын жасауында.

Осылайша, KMF микроқаржылық ұйымы елдегі ауыл шаруашылығы, өндіріс салаларының дамуына оң серпін беріп, отандық экономиканың алға басуына өз үлесін қосып отыр. Ол үшін бірқатар оңтайлы бағдарлама да ұсынылған. Мысалы, «Достар» деп аталатын бағдарлама арқылы бірнеше адам бірігіп, кепілдіксіз 6 миллион теңгеге дейін ала алады. Бір қызығы, кепілдікке достардың адамгершілігі, бір-бірінің алдындағы жауапкершілік қойылады. Осы сияқты шағын және орта бизнесті дамытуға арналған, ерекше шарттармен берілетін микрокредиттер жетерлік. Мысалы, «Микро», «МСБ», «Сенім» және тағы да басқа.

Онлайн ақша алу, энергияны үнемдейтін тауарларды сатып алуға арналған микрокредит, тұтынушылық мақсаттарға немесе бизнес үшін, жер телімін немесе көлік сатып алуға қолайлы микрокредиттер туралы kmf.kz сайтынан немесе ұялы телефоннан тегін қоңырау шалуға болатын 7474 номерлі байланыс орталығынан білуге болады.

 
 Микроқаржылық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін ҚНРДА-ның 26.02.2021 жылғы №02.21.0003.M лицензиясы  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<