Қармақшы ауданының әкімдігінде 28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесіне арналған іс-шара өтті.
Жиында аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Жұлдызхан Байназарұлы құттықтау сөз сөйлеп, журналистер қауымына аудан әкімінің ыстық ықыласы мен ізгі лебізін жеткізді. Сондай-ақ, журналистика саласында өзіндік қолтаңбасын қалдырған ардагерлерге сый-сияпат жасап, осы салада табысты еңбек етіп жүрген бір қатар қаламгерлерге алғыс хаттар табыстады.
Сонымен қатар, мерекелік жиын барысында ардагер-тілші А. Үсенов, «Сыр дидары» газетінің тілшісі Қ. Төреев, «Қармақшы таңы» газетінің бас редакторы С. Райымбаева, «Бәйтерек» газетінің редакторы Ж. Құлтанова құттықтау сөз сөйлеп, өз ризашылықтарын жеткізді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<