Облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаев жұмыс сапарымен Жалағаш ауданында болып, өңірдегі спорт нысандарын аралады.
Аққыр ауылында салынып жатқан 175 млн. теңге құны бар спорт кешенінің құрылысымен танысып, бұл нысан ауыл жастарына спортпен шұғылдануға үлкен мүмкіндік беретініне тоқталды.
Сонымен қатар, басқарма басшысы Жаңаталап, Мәдениет, Бұқарбай батыр ауылдарындағы спорт кешендерін және Жалағаш кентіндегі №13 спорт мектебін аралап, жас спортшылармен кездесіп, олардың дайындығымен танысты.
Өткен жылы Жалағаш ауданынан спортшылар 224 медаль жеңіп алып, жоғары нәтижелер көрсеткен. Бүгінгі таңда аудан тұрғындарының 40,5%-ы бұқаралық спортпен айналысады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<