Бақылау сапаны жақсартады

541

0

Фото: Жалағаш ауданының әкімдігі

Бүгін аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм, аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшылары мен қызметкерлері, қоғамдық ұйым өкілдерімен бірге аудандағы бірқатар сауда орындарында болып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы, сапасы мен қамтамасыз етілуі бойынша қоғамдық бақылау жүргізді.

Бақылау барысында сауда орындарындағы халыққа қажетті өнімдер жеткілікті екені анықталды. Сондай-ақ, кәсіп иелеріне азық-түлік бағаларын тұрақты ұстап тұруға ұсыныс білдіріліп, бағаны негізсіз көтеру бойынша тиісті жауапкершілік қолданылатыны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<