Кеше облыс орталығында орталық алаңда орналасқан «Өнер» арбатында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйі жас өнерпаздарының «Бақытты балалар – бақытты ел» атты мерекелік концерті өтті.
Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік кеште мәдениет үйі жанынан құрылған «Сыр сандуғаштары», «Ақмарал» би студиясы, «Орда» спорттық би, «Ордадрайв» заманауи би үйірмелері өнер көрсетті. Кеш барысында «Қазгермұнай»БК ЖШС және «Али сауда» ЖШС демеушілік жасап, жас өнерпаздар мен балаларға түрлі тәттілер мен ойыншықтар сыйлады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<