«Бақытты отбасы» жобасының таныстырылымы өтті

825

0

Қызылорда қаласында «Бақытты отбасы» жобасының таныстырылымы өтті.

Шара барысында қала әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов жобаның маңыздылығын атап өтті. Қызылорда қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерді тіркеу бөлімінің басшысы Индира Сансызбайқызы аталмыш жобаның қажеттілігі мен алдағы шараларға тоқталып, отбасы құндылықтарын қалыптастыру мен дамытуға бағытталған пилоттық жобаның жаспарын түсіндірді.


Орталық директоры Майя Зұлхарнайқызы жоба аясында қала 14 секторға («Бақытты отбасы» филиалы ретінде) бөлініп, олардың әрқайсысына әлеуметтік және құқық қорғау бағытындағы мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, волонтерлар, демеушілер мен меценаттарды жұмылдыру жоспарланып отырғандығын жеткізді.


Жоба қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларымен дара жұмысты үйлестіретін болады. Әлеуметтік қызметтер әр отбасының мұқтаждықтарын бағалап, оларды қанағаттандыратын әлеуметтік, білім беру, медициналық және тағы да басқа қызметтерге қол жеткізуін қадағалайтын және соған жағдай жасайтын шаралар әр отбасы мүшесімен жеке жүргізілу межеленуде. Жоба аясында әлеуметтендіруге қатысты барынша психологиялық тренингтер, мәдени-спорттық сауықтыру шаралар, арнайы бизнес-жоспар негізінде кәсіпке тарту шаралары басты назарда болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<