Бар жақсылық балаларға

707

0

Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебеп ғылыми кітапханада «Кітапты оқы – жетістікке қадам бас» жобасы аясында «Бар жақсылық балаларға» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.

Оған Т. Есетов атындағы №264 мектеп-лицей жанындағы қосымша білім беру орталығының «Жас дарын» хор үйірме мүшелері, №7 мектеп-лицей, А.Байтұрсынов атындағы №211 орта мектеп және өнер мектеп оқушылары қатысып, «Қамқорлық» дағдарыс орталық тәрбиеленушілеріне мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Шара соңында қатысушылар «Кітап – ғажайып әлем» атты кітап көрмесімен танысты.