Барлық бағыттағы өрлеудің белгісі

485

0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы нақты жағдайды ескере және мүмкіншіліктерді бағалай отырып жасалған деп есептеймін.

Қазақстан бүгінгі күні жаһандық бәсекелестік жағдайында өмір сүруде. Осы жағдайда қоғамды бір мақсатқа жұмылдыра білу – ең өзекті мәселе. Барлық кезеңде «Өрлеу» дамудың негізгі факторы екені белгілі. Сондықтан Қасым-Жомарт Кемелұлының халықпен бүгінгі заманауи байланыс желісін қолдана отырып, ашық пікір алмасуы, қоғамдық келісім кеңесін құру, атқарушы билікті халықтың мұң-мұқтажын жылдам шешуге шақыруы, сонымен қатар әрбір азаматтың жауапкершілігінің болуы ортақ отанымыз – Қазақстанның барлық бағыттағы өрлеуінің негізі екеніне дәлел.

«Өрлеу» идеясы – әрбір прогрессивті адамның өмір сүру идеологиясы. Себебі осы бөлімде бізге қажеттінің бәрі бар. Он бөлімнің қай-қайсысы да өте маңызды және өзектілігі айқын. Аталған идеяларды жүзеге асыру мемлекеттің ғана міндеті емес. Президент мұны әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Бұл жағдай – мүлдем жаңа формат және әрбір қоғам мүшесінің мемлекетті дамытудағы жаңа мүмкіндіктері мен жауапкершілігі.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында кейбір жобалардың (LTR) негізсіз, көпшіліктің талқылауынсыз қабылдануы сынға алынды. Жер мәселесі жөнінде орынды көтерілді. Мемлекет басшысының осыған байланысты көпшілікті ой бөлісуге шақыруы сөзі мен ісінің бір екенін көрсетеді.

Шикізатқа бейімделген экономика сыртқы жағдайға тәуелділік пен алмағайыптылықты тудыратынын соңғы жылдардағы жағдай көрсетіп отыр. Міне, осы орайда «Ауқатты және заманауи ауыл», «Дамыған кәсіпкерлік», «Тиімді қаржылық жүйе», «Қуатты өңір – Қуатты Қазақстан» идеялары еліміздің тұрақты, үдемелі дамуының негізі болмақ.

Елбасының «Мәңгілік ел» идеясы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Өрлеудің қозғаушы күші – жастар» блогында айқындалған. Себебі білімді, жаңа технологияларды игерген, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, дұрыс өмір сүру принципін басшылыққа алған, инабатты, жауапкершілігі мол ұрпақ арқылы мәңгілік ел бола аламыз.

Серікбай ӨМІРЗАҚОВ, 

техника ғылымдарының докторы, 

ҚР АШҒ академигі,

«Ауыл» ХДП облыстық филиалының төрағасы.

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<