Барлық бақыт балаларға

1130

0

«1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай көпбейінді облыстық балалар ауруханасы «Қамқорлық» оңалту орталығында мерекелік шара өтті.

Шараға аурухананың бас дәрігері Зоя Рахатқызы қатысып, емделуші балаларды мерекемен құттықтап, сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар, балалар арасында сурет салу, топтық спорттық сайыстар өткізіліп, сайыс барысында 1-2 орын жеңімпаздарға медальдар мен қосымша сыйлықтар берілді.

Мерекелік шарада қолөнер бұйымдарын жасаумен және сурет салу өнері арқылы ерекше көзге түскен Асылхан Наурызбай төл туындысын көпшілікке ұсынды. Сондай-ақ, Айсана Молдахмет, Мариям Қалдыбекқызы, Анель Болатбекқызы, Мұрагер Дулыға өз өнерлері үшін марапатталды.

Мерекелік шара «Қамқорлық» Оңалту орталығының әнұранымен аяқталды.

Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін облыста реабилитациялық көмекті қажет ететін балалар Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына барғаны белгілі. Қазіргі таңда көпбейінді облыстық балалар ауруханасы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 2 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға арналған 60 төсектік «Қамқорлық» оңалту орталығы ретінде қайта ашылды. Бүгінде мұнда жоғары білімді, тәжірибелі мамандар жұмыс істейді.

Жанболат ӨМІРЗАҚ,

Қорқыт ата атындағы

университеттің 4-курс сутенті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<