Баршамызға ортақ іс

411

0

Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында мемлекеттілікті нығайту жолындағы стратегиялық маңызды мәселелерді айқындап, жаңғыртуға бағытталған бес негізгі басымдықты белгілеп берді. Оның бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес. Онда: «Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажет. Сонымен қатар, сыбайлас жемқор-лықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі күрестің қуатты құралына айналуға тиіс», – делінген.  «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 13-қадамында да жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселелері көрсетілген.

Бұл ретте өз құзыреті шегінде облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында түрлі іс-шаралар өткізуде. Облыс әкімдігі бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес бірқатар түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, облыс әкімдігінің ресми интернет-ресурстарында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жариялануда. Басқарма қызметкерлері арасында «дөңгелек үстел» өткізіліп, сыбайлас жемқорлық тәуекел­деріне ішкі талдаулар жүргізілуде.

                                       Д.АБЖАЛИЕВ, 

облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының бас маманы – мемлекеттік инспекторы. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<