Бас прокурорлар отырысына қатысты

472

0

Бүгін Қазақстанның Бас Прокуроры Берік Асылов Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер бас прокурорларының 21-ші отырысына қатысты.

Отырыс ашылғанға дейін қадағалау ведомстволарыбасшыларын Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Саясибюро мүшесі, Саяси-заң комиссиясының хатшысы Чэнь Вэньцин қарсыалды.

Қазақстанның Бас Прокуроры өз сөзінде Қазақстан мен Қытайпрокуратура органдарының ынтымақтастығының артып келе жатқанынжәне екі ел көшбасшыларының арасындағы қарым-қатынастыүндестіретінін атап өтті.

ШЫҰ отырысында прокуратуралардың (Үндістан, Иран, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Қытай, РФ, Пәкістан,Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь, Моңғолия) басшылары мемлекеттікжаңғырту, өңірлік қауіпсіздік, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жәнеп рокурорлардың біліктілігін арттыру мәселелерін талқылады.

Осы тектес ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қадағалау органдарының басшылары қатысушы елдердің даму процесінде халықаралық қауіпсіздік пен құқықтық кепілдіктерді қамтамасыз ету мақсатында осы ұйымның ықпалын кеңейту, қаржы-экономикалықсаладағы қылмыстарға, терроризм мен экстремизмге байланысты есірткі мен киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастықты арттыру, прокурорлық білім беру ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылды дамыту мақсатында келісімге келді.

Кездесу қорытындысы бойынша прокуратура басшылары бұданәрі өзара ынтымақтастықтың басым бағыттары мен тетіктерінайқындайтын хаттамаға қол қойды. Сонымен қатар, ШЫҰ алаңында Қазақстанның Бас Прокуроры ҚХР Жоғарғы Халық прокуратурасының Бас прокуроры Ин Юнмен екіжақты кездесу өткізді, онда қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсетудің, сотталғандарды берудің, сондай-ақ, заңсыз шығарылған активтерді қайтарудың өзекті мәселелерін талқылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<