Бас қаланы қара түтін басты

635

0

Қорғалжын тас жолы мен Қосшы қаласының айналма жолында құрғақ шөп өртеніп жатыр. Өрттен шыққан қою түтін Астананың сол жағалауын басты, деп хабарлайды Egemen.kz

Елордада азот оксиді мен диоксидінің, озон мен күкіртті сутегінің нормадан асып кетуі тіркелді.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният жүкті әйелдер, балалар, қарт адамдар мен сырқаттанғандарға далаға шықпауға кеңес берді. 

«Егер денсаулығыңыз мазаласа, учаскелік дәрігерге хабарласыңыз», деді министр. 

Сондай-ақ бұған дейін Астана әкімдігі де елорда тұрғындарына көшеге шықпауға кеңес берді. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<