Басқарма басшысы облыстың жиһаз кәсіпорындары ның жұмысымен танысты

389

0

Алдымен Исатай Сәбиұлы «Сыр жиһазы» цехының жұмыс барысымен танысты.

Бүгінде тек қаланы емес, облысқа қарасты аудан, ауыл-аймақ пен өзге де облыстардың сұранысын өтеп келе жатқан цехтың құрылғанына биыл 14 жыл болыпты.

Ағаш бұйымдарын шығарудан бастаған мекеме 2009 жылдан бері «Сыр жиһазы» ЖШС ретінде сырбойылықтарға етене танылды.

Бүгінде 30-дан аса адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған мекемеде 3 цех жұмыс істеуде.

Әрі қарай басқарма басшысы «Алис Трейд Казахстан» жиһаз цехымен танысты. Компания 2004 жылы құрылған, мұнда
40-қа жуық адамды жұмыспен қамтып отыр.
Түрлі сәнді үлгіде жасалынған жиһаздарға Қазақстанның барлық аймағынан тапсырыстар түседі. Цех қытай, испан және Ресей өндірушілерінің жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Кәсіпорын басшысы Алексей Антоновтың айтуынша, бүгінде цех өндіріс көлемін арттырып қана қоймай, сонымен қатар өнім ассортиментін кеңейтуде.

Мұнан әрі Исатай Ансат «Панабек» жиһаз фабрика басшысымен кездесіп, жиһаз өнеркәсібі соңғы жылдары экономиканың ең қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі болып табылатынын жеткізді.

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<