Бассейнге батқан жасөспірімді құтқарған полковник марапатталды

426

0

Фото: Төтенше жағдай департаменті

Соғыс уақытында ғана емес, бейбіт күнде де ерлік көрсетіп батыр атануға болады. Еліміздің тұрғындары мен азаматтарын жұмыс бабында жүріп те, жұмыстан тыс уақытта да әртүрлі өмірлік қиындықтардан құтқарып қалған ержүрек жандар аз емес.

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы әділет полковнигі Шаймерден Тәжіқұлұлы бассейнге батқан жасөспірімді аман алып қалғаны үшін Қазақстан Респуликасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен «Суға батқан адамды құтқарғаны үшін» медалімен марапатталды. Бұл туралы Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бассейнге батқан жасөспірімді құтқарған полковник марапатталды

Төсбелгіні Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Руслан Қайрақбаев табыстады. Сонымен бірге Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының атынан алғыс хат та қоса берілді.

«Сізге адамды құтқару кезінде көрсеткен ерлігіңіз бен батылдығыңыз үшін алғыс білдіреміз», – делінген алғыс хатта.

Естеріңізге сала кетейік, Шаймерден Тәжіқұлұлының ерлігі туралы ақпарат департаменттің есебінде тіркелген, әлеуметтік желілерде жарияланған болатын. Отбасымен бассейнге барған Шаймерден Тәжіқұлұлы басссейнде қимылсыз жатқан жасөспірімді құтқарып, ес-түссіз жатқан балаға алғашқы медициналық көмек көрсеткен болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<