Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өтті

741

0

Фото автордан

«Өрлеу» филиалдарында мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін, зерттеушілік, зияткерлік және шығармашылық деңгейін жетілдіруге бағытталған курстан кейінгі сүйемелдеу шаралары жүргізілуде.
Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту оның кәсіби тәжірибе арқылы үздіксіз өз білімін жетілдіріп, дамуға әкелетін тың жаңалықтарды қабылдау мен меңгертудің қарқынды үдерісі болып табылады.

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Бастауыш мектеп педагогтерінің кәсіби шығармашылық іс-әрекетін қолдау негізінде кәсіби жетілуін ынталандыру, педагогикалық іс-тәжірибемен алмасу мақсатында өткізілген онлайн семинарға 50-ге жуық педагог қатысты.

Семинар барысында бастауыш сынып мұғалімдері «Бастауыш сыныптардағы цифрлық сабақтың құрылымы», «Бастауыш сыныптарда заманауи тренд әдіс-тәсілдерді қолдану», «Өрнектердегі амалдардың орындалу реті», «Жаратылыстану пәнінде цифрлық сауаттылық құзыреттілігін қолдану», «Мұғалімнің кәсібилігі – білім кепілі» тақырыптарында баяндамалар қорғады. Сонымен қатар, түрлі платформалар мен технологияларды оқу үдерісіне тиімді қолдану тәжірибелерімен бөлісті.

Әдістемелік семинардың қорытынды бөлімінде педагогикалық проблемаларды шешуді іске асырудың тиімді жолдары ұсынылып, кері байланыс берілді. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар, үздік баяндама жасаған мұғалімдерге институт директорының Құрмет грамотасы және Алғыс хаттары табысталды.

Сыр өңіріндегі білім беру ұйымдарының инновациялық қызметін əдістемелік тұрғыда қолдауға бағытталған әдістемелік шаралар ауқымы кеңейіп, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту жұмыстары жыл бойы жалғасатын болады.

Жанар Нақыпбаева,

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша

филиалының аға оқытушысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<