Басты мақсат – жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту

1101

0

Қызылорда облысы бойынша «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен облыстық прокуратураның және ҚАЖ департаментінің ұйымдастыруымен ҚАЖ мекемелеріндегі сотталғандарды жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша семинар-кеңес өтті.


Семинар-кеңесте жергілікті және шағын орта кәсіпкерлік субьектілерін түзеу мекемесінің өндірістік аймағына өз кәсіптерін ашып, сотталғандарды жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі қаралды.


Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыров жеке кәсіпкерлерге түзеу мекемелерінде кәсіп ашудың жеңілдіктері мен мүмкіндіктері туралы айтып, өз кәсіптерін мекеменің өндірістік аймағына ашуға шақырды.

Қазіргі таңда Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің түзеу мекемелеріндегі сотталғандар РМК «Еңбек-Қызылорда» филиалында, 34 жеке кәсіпкер мен жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде (ағаш өнімдері, қолөнер бұйымдары, автокөлік қосалқы бөлшектерін жасау, газоблок, кірпіш өндіру және жылыжайда қияр, қызанақ көкөністерін өсіру) жұмысқа орналасқан.

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<