Басты міндет – ауыл тұрғындарын медициналық көмекпен қамту

885

0

Қармақшы ауданы, Ақжар ауылдық округінде 2 мыңнан астам адам тұрады. Тіректі елді мекенде тұрғындардың басым бөлігі мал шаруашылығы және егіншілікпен айналысады. Қыс мезгілінде ақжарлықтар тұрақты табыссыз қалады. Соның салдарынан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін үнемі төлем жасалмайды. Бұл туралы біздің тілшіге берген сұхбатында ауылдық округ әкімі Нұржамал Тұрсынбаева хабарлады.

Басты міндет  –  ауыл тұрғындарын медициналық көмекпен қамту

–  2020 жылдан бастап, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі толық енгізілгеннен кейін азаматтардың сақтандырылуын өзектендіру бойынша жұмыстар тұрақты жүргізілуде, – дейді Нұржамал Бектайқызы.

Облыс әкімінің МӘМС мәселелері жөніндегі өңірлік штабтағы тапсырмасына сәйкес ауыл тұрғындарын медициналық сақтандырумен толық қамту мәселесі тұрақты бақылауда. Қазіргі таңда, ауылдағы сақтандырылмаған тұрғындардың саны 157 адамды құрап отыр. Әкімдік пен медицина қызметкерлері үй-үйді аралау әдісімен МӘМС жүйесінің артықшылықтарын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен МӘМС медициналық пакеттері жайлы ақпараттық-түсіндірме жұмыстары тұрақты өткзіуде.

Басты міндет  –  ауыл тұрғындарын медициналық көмекпен қамту

– Ауылдық елді мекендерде маусымдық жұмысшылар аз емес, қыс мезгілінде олар тұрақты табыссыз қалады. Сондықтан біз оларға ай сайын бірыңғай жиынтық төлемді төлеуді ұсынамыз. Биыл ауыл тұрғындары үшін БЖТ сомасы 1 531,5 теңгені құрайды. Біздің басты міндетіміз – барлық ауыл тұрғындарын толық медициналық көмекпен қамту,  – деп атап өтті Ақжар ауылының әкімі Нұржамал Тұрсынбаева.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<