Дүниежүзілік сайлау күнінде Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы түрлі форматтағы кездесулер мен ашық есік күнін ұйымдастырды. Атаулы күн аясында Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Болат Накипов жастармен кездесті.
Жастар ресурстық орталығында өткен басқосудың мақсаты – жастардың дауыс беру мәдениетін арттыру, демократиялық құндылықтарға деген ұстанымын қалыптастыру.
Болат Накипов бұл күннің айтулы күн ретінде атап өту 2005 жылы бастау алғанын жеткізді және әрбір сайлаушының құқығын сақтау, заңды білу демократияға жол ашатынын тілге тиек етті.
Бүгінгі Сіздермен бейресми жағдайда, еліміздегі сайлау жүйесі төңірегінде ашық әңгімелесіп, жалпы сайлау жүйсіндегі өзгерістер мен ерекшеліктерін түсіндіру, өздеріңіздің сайлау туралы пікірлеріңізді тыңдау үшін келдік. Бұл кездесуімізде ешқандай хаттама немесе стенографиялық есеп жүргізілмейді. Соңғы үш жылдың өзінде біздің сайлау жүйемізге әлемнің озық тәжірибесіне сүйене отырып, бірсыпыра айтарлықтай өзгерістер енгізілді. Біздің басты міндетіміз, қандай да болмасын сайлауларды әділ, ашық, таза өткізу арқылы, халықта қалыптасқан көнеден қалған «жалған-сайлау» деген стереотипті «әділ сайлау» деген көзқарасқа өзгерту,-деді Б.Накипов.
Жиында жастар сайлау жүйесіне қатысты көзқарастарын жеткізіп, сауалдар қойды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<