Басты талап – әдептен аттамау

573

0

Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет. Бұл қызметті арқалаған азамат адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға тиіс.

Ұлы ойшыл Әбу Насыр әл Фараби «Әдептілік – әрбір жеке тұлғаның рухани байлығы, қазынасы» деген екен. Шынында, адам мәдениеті жоғары болған сайын оның айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы да беки түседі. Бұл тұста мемлекеттік қызметші де жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауда, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіруде қызметтік әдеп нормаларын сақтауы маңызды.

Себебі, әдептен аттау сыбайлас жемқорлыққа, түрлі құқық бұзушылықтар әкелуі бек мүмкін. Әдеп нормаларын мінсіз сақтау қызметтегі бағалауда және ілгерілеуде де оң әсерін тигізеді. Сондықтан, мемлекеттік қызметшілер тарапынан Әдеп Кодексінің талаптарын сақтау негізгі міндеттің қатарында. Әдептен озбағын, мемлекеттік қызметші!

                                                                              Н. ИТЕЛГИЕВА,

Облыстық әділет департаментінің

әкімшілік бөлімінің бас маманы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<