Бақылаушыларға арналған тренинг

526

0

Қазір елімізде ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын сапалы әрі әділ өткізу мақсатында заңға сәйкес жұмыстар атқарылуда. Соның айғағы, «Аманат» сайлауға бақылау жүргізу жөніндегі ұлттық қоғамдық платформасы аясында тәуелсіз бақылаушыларға арналған тренинг ұйымдастырылды.

Семинарда бақылаушыларға ОСК, кандидаттың сайлау штаб-пәтері және сайлауға қа­тысты аймақтарда заң бұзу фак­тісі тіркелсе, қандай әре­кет жасау керектігі айтылды. Бақылаушы сайлау туралы заң­наманың орындалуын, айта­лық дауыс беру бөлмесінде үгіт-насихат материалдары бол­мауын, сайлаушымен бірге ко­миссия мүшесінің еріп кір­меуін қадағалауы қажет. «Ама­нат» азаматтық платформасында «Теңдік», «Саналы таң­дау», «Әділдік», «Келісім», «Се­нім» бағыты бойынша оқыту жоспарланған. Бұл ба­ғыт­тар қо­ғамдық мониторинг жүргізу, сайлау мерзімі мен кезеңі, заңдық процестер туралы сайлаушыларға түсіндіру, саяси науқан туралы барынша ашық ақпарат тарату, әлеуметтік желіде әрбір сайлау бөлімшесі бойынша тәуелсіз бақылау жүр­гізіліп, оның барысы жарияланып тұру, қоғам мен мемлекет арасындағы тең ынтымақтастықты құру сынды талаптарға негізделген. Осы бес бағыт бойынша халықаралық ұйымдар, Орталық сайлау комиссиясы, жергілікті сайлау комиссиясы, Жоғарғы сот, жер­гілікті атқарушы орган, Бас про­куратура, кандидаттардың сайлау штабы, бұқаралық ақ­парат құралдары, азаматтық жә­не ғылыми-сараптамалық орта­лықтар өкілдерімен әріптестік орнатылады.

Тренингті танымал қоғам қайраткері, «Аманат» азаматтық платформасында 1-бағыттың ку­раторы Мұсағали Дуамбеков жүр­гізді. Семинардың модулі халық­аралық талаптар мен тә­жірибеге сай. Алдағы уақытта тренингке қа­тысушылар өзге ай­мақтарда ба­қылаушы міндеттері жөнінде дәріс беруіне болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<