Байқоңыр күн электр станциясының жұмысы тұрақты

308

0

Қазақстан Республикасы Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті Қызылорда облысының Шиелі ауданында 2019 жылдың желтоқсан айында іске қосылған жаңа 50 мегаваттық «Байқоңыр» күн электр станциясы белгіленген режимде тұрақты және сенімді жұмыс істейтінін хабарлайды.
Қазіргі ақпаратқа сәйкес, 2020 жылғы 3 наурыздағы жағдай бойынша «Байқоңыр Solar» ЖШС күн электр станциясында 150 фотоэлектрлік панель, 14 орталық инверторлық электр станциясы және 220/20 кВ «Байқоңыр» қосалқы станциясы жұмыс істеп, одан 235,2 мың кВт / сағ электр энергиясы Ұлттық электр торабына берілуімен өндірілді.
Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің
 Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<