«Beeline» неге қымбаттады?

1308

0

«Beeline Қазақстан» бас атқарушы директоры Евгений Настрадин тарифтік жоспарының қымбаттау себебін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орталық коммуникациялар орталығындағы онлайн баспасөз мәслихатында модератор сұрақ қойды: «Көптеген ұялы байланыс операторларында жаңа оқу жылы қарсаңында жаңа тарифтік жоспарлар пайда болды. Менің білуімше, мысалы, «Beeline» компаниясындағы роутерлер мен модемдер үшін наурыз-сәуір айларында 5 500 теңге, ал қазір – 8 мың теңге төлейді. Activ-тегі «Супер Комфорт М» тарифі 2390 теңге тұрды. Енді бұл тариф 1 қыркүйекке дейін жарамды болып, әлеуметтік желілердегі шексіздік жойылды. Балаларға «Bilim» тарифі қолданылады, желі ішіндегі қоңыраулар минутына 18 теңге, ал қалғаны ақылы. Бұған не айтасыз?»

Евгений Настрадин жаңа тарифтік жоспарлар мен өзгермеген ескілері бар екенін атап өтті.

«Жаңа тарифтік жоспарларға келсек, аталған сомадан қорықпаңыздар. Бұрынғы 5 490 теңгелік тарифті бір құрылғыда ғана пайдалануға болатын. Ал қазіргі 7 990 теңге сомасындағы тарифті бір құрылғыда ғана емес, телефонда да пайдалануға болады. Екі тарифтік жоспар үшін артық төлеудің қажеті жоқ. Біз тарифтерді жақсарттық, ішкі желіге шексіз қоңыраулар қостық. Егер қосымша сатып алса, бұл 11 мың теңге болар еді», – деді Евгений Настрадин.

«Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевтің айтуынша, әлеуметтік желілер – білім беру ресурстары болып саналмайды. Сондықтан, олардың қолжетімді болуын операторлар тарифпен белгілейді.

«Біздегі нарық бәсекеге толы. Сіз «Bilim» тарифін айттыңыз, оның қазақстандық білім беру ресурстарына қатысы бар. Ал әлеуметтік желілер білім беру ресурстарына кірмейді. Сондықтан, әрине, олардың қолжетімді болуын операторлар тарифпен белгілейді. Мұндай сұрақтар туындауы заңды. «Bilim» тарифінде білім беру ресурстарын тегін пайдалануға бірегей мүмкіндік бердік. Әрбір оқушы қазақстандық ресурстарды пайдалана алады», – деді Қуанышбек Есекеев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<