Бейнебайланыс арқылы түсіндірді

164

0

Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Қызылорда облысы тұрғындары және қоғам өкілдерімен бейнебайланыс арқылы кездесу өткізді. Атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасап, қолданыстағы заңнама шеңберінде түсініктемелер берді.

Вице-министр Мемлекет басшысының Жолдауындағы: «Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударуды ұсынамын. Қаржы әр бала 18 жасқа толғанға дейін аударылып тұрады, оны мерзімінен бұрын есепшоттан шығарып алуға болмайды. Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалатын болады» деген тапсырманың орындалуына тоқталды.

Министрлік жұртшылықтың талап-тілегіне ұдайы назар аударатынын, халықпен тығыз байланыста екенін атап өтті.

Бұдан әрі азаматтар сауалдарын тыңдап, қойылған сұрақтарға заңнама аясында жауап берді. Кездесуді облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы Ерлан Бердібаев жүргізіп отырды.

Жиынға облыстық қазынашылық департаментінің басшысы Әуезбек Дүйсенбаев, облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Ербол Күзембаев қатысты.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<