Бейқамдыққа жол бермейік!

732

0

Әлем елдерін дүр сіл­кін­дірген бұл індет – адам­дар арасында тез тара­ла­тындығымен ерекшеленетін аса қауіпті кесел. Оның негізгі қоздырғышы – Covid-19 коронавирустың жаңа түрі.

Аурудан сақтану жайын­да халық арасында қан­шама са­нитарлық-ағарту жұмыстары жүргізілгеніне қарамастан, тұр­ғындар тарапынан сақтық ша­­ралары әлі де өз дең­гейінде болмай тұр. Індеттің бірінші кезеңінде тұрғындардың сани­тар­лық талаптарды дұрыс сақ­тамауынан, яғни қара­пайым қағи­даларды ұстан­бауынан қан­ша­ма қиын­дықтарға кезік­кені­мізді, осының сал­­­дарынан ін­деттің тез өршіп кеткенін және оны ауыздықтау қиынға соқ­қанын бәрі­міз де жақсы білеміз.

Енді міне, жан-жақтағы өңірлердің көп­шілігінде індет­тің екінші толқыны қайта өршіп жатыр. Сондықтан, тұрғындар мен жұмыс істеуге рұқсат етілген барлық еңбек ұжымдары санитарлық-эпиде­миологиялық  талаптар­ды қатаң сақтаулары тиіс. Қазіргі уақытта аудан әкімдігі тарапынан құрыл­ған мобильдік топтар сани­тарлық талаптардың сақ­талуы бойынша сауда және көпшілік жиналатын орындарда болып, ақ­па­раттық түсіндіру жұмыс­тарын қар­қынды жүргізіп жатыр. Ең бастысы, туған күн, жиын-той, басқа да көпшілік жи­на­латын түрлі басқосуларды барынша тоқтатып, барыс-келісті мүмкіндігінше аза­й­туға  баса мән беруіміз қажет. Адамдармен қарым-қа­тынаста, көшеде жүргенде үнемі бетперде киіп, қолды сәт сайын антисептикалық сұйы­қтықтармен жуып жүрген абзал. Біз сонда ғана қауіпті дерттен өзімізді және айналамыздағы жақын­дарымызды қорғай аламыз. Сон­дықтан  жағдайға  бей­жай қарамай, індеттен сақ­танайық, ағайын! 

Асқан Отарбеков,

Жаңақорған ауданаралық ауруханасының жоғары санатты дәрігер-эпидемиологы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<