Беларусь оппозициясы Лукашенконың басына бәс тікті

716

0

Лукашенко ұсталғаннан кейін ғана арнайы шотқа ақша (11 миллион еуро) түседі.

Беларусь оппозиционері Валерий Цепкало Беларусь қауіпсіздік қызметкерлеріне президент Александр Лукашенконың қамауға алынғаны үшін 11 миллион еуро төлеуге уәде берді. Бұл туралы ол YouTube-тағы видео-хабарламасында мәлімдеді.

Ол барлығына «бірінші нөмірлі қылмыскерді» ұстағаны үшін сыйақы үшін ақша аударуға мүмкіндік беретін арнайы технология жасалғанын айтты. Лукашенко ұсталғаннан кейін ғана арнайы шотқа ақша (11 миллион еуро) түседі.

Цепкало жоспарларының сәтті болатынына сенім білдірді. «Мен беларусьтік мемлекеттік жүйеде көптеген лайықты, принципиалды адамдар бар екеніне сенімдімін, олар үшін халыққа қызмет ету, заңға қызмет ету бос сөз емес», – деді ол.

Жоғары технологиялар паркінің негізін қалаушы Валерий Цепкало 2020 жылы өтетін Беларусь президенттік сайлауға қатысқысы келді, бірақ тіркелмеген. Ол өзіне қарсы тергеу басталғаннан кейін елден кетіп қалған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<