Бельгияның құқық қорғау органдары Францияда лаңкестік әрекет жасамақшы болған екі күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі RBTF телерадиокомпаниясына сілтеме жасап.
Күдікті ирандық ерлі-зайыптылар Брюссельдің Волюве-Сен-Пьер коммунасында ұсталған. Полиция олардың көлігінен жарылғыш затты жасауға арналған қажет құралдарды, 500 грамм ацетон пероксидін және детонаторды тапқан. Бельгия прокураторасы хабарлағандай, ұсталған күдіктілер 30 маусымда Парижде өткен Иран билігіне қарсы оппозициялық партияның конференциясында бомбаны жармақшы болған. Телерадокомпанияның берген мәліметі бойынша, шараға 25 мың адам қатысқан. Ұсталған азаматтарға қатысты «Лаңкестік қылмыс жасау арқылы адам өлтіру» түріндегі айып тағылды. Бұдан бөлек, Францияда қылмыскерлердің мүмкін сыбайластары тұтқындалса, Германияда ерлі-зайыптымен байланыста болған ирандық дипломат ұсталды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<