Белсенді азаматтарды марапаттады

614

0

Бүгін Арал ауданының әкімі С.Сермағамбетов «Birge: Taza Qazaqstan» республикалық экологиялық акциясына қатысушыларды марапаттады.

Салтанатты шарада аудан әкімі: «Экологиялық акцияда ғана емес, күз-көктем айларындағы санитарлық тазалау жұмыстарына әр сенбі сайын қала, кент, ауылдық округтер тазалық жұмыстарына белсене ат салысты. Ауданымызды күл-қоқыстан тазартып, жасыл-желектерді күтіп, баптау мен көгалдандырудағы тыңғылықты жұмыстарыңыз үшін баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта да қоршаған орта тазалығына жіті мән беріп, осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады деп сенемін» – деді.

Белсенді азаматтарды марапаттады

Жиын барысында туған жер табиғатына жанашырлық танытып, қала тазалығын сақтауға ат салысқан азаматтар ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Құрмет грамотасы мен алғыс хаты және облыс, аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Аталған марапаттар тазалық жұмыстарының жүргізілуінне айрықша үлес қосқан қоғам белсенділері мен бірқатар мекемелердің шаруашылық меңгерушілеріне және тазалықшыларына табысталды.

Айта кетейік, эконауқан аясында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде Арал қаласының кіре беріс аймағы, көше бойлары, орталық базар, қоғамдық орындар жол бойындағы ретсіз тасталған күл-қоқыстар мен керексіз заттардан тазартылды. Бірнеше мәрте ағаш отырғызу акциялары өткізілді. Сондай-ақ Бақтыбай батыр көшесінде орналасқан кәсіпкерлік нысандар ретке келтіріліп, жасыл желектер отырғызылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<