Өткен аптада Сыр өңірінде «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі – ауылды дамытудың негізі» атты республикалық семинар өткен болатын. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, Парламент Сенатының, Мәжілісінің депутаттары, Ұлттық экономика, көлік вице-министрлері, министрліктердің комитет төрағалары, республиканың өңірлерінен облыс әкімдерінің орынбасарлары, ауыл шаруашылығы басқармаларының басшылары және ірі шаруашылық құрылымдарының төрағалары арнайы келіп қатысты.
Делегация өкілдері семинар барысында Нағи Ілиясов пен Бесарық ауылдарының тыныс-тіршілігімен танысты және тәжірибе алмасты. Сондай-ақ, «Үлгілі елді мекен» облыстық конкурсы жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне куә болды. Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев аталған іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқандарға шынайы алғысын жеткізіп, бірқатар азаматты облыс әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<