Береке бүлінбесін, бауырлар!

589

0

Кейінгі бес күнде барлық жерде жағдай ушығып тұр. Бейбіт шеруден басталған ел талабы аяғында осындай берекетсіздікке, дұрысы лаңкестікке ұласып отыр.

Рас, қоғамда шешілмей жатқан мәселе жоқ емес. Әлеуметтік әділетсіздік, бағаның қымбаттауы, оның ішінде азық-түлік бағасының шарықтауы немесе жалақының аздығы әсер етпей тұрған жоқ.

Бірақ бұны қарумен шеше­міз деу тым қате, өзімізге мысал болатындай көп халықаралық жағдайлар да жетерлік. Менің жеке өз басым, халықтың амандығын, мемлекеттің тұтастығын қалаймын. Сол ғана бірінші орында тұру керек.

Бұлар – содырлар, иә, сыртқы күштің де әсері бар деп ойлаймын, айналып келгенде, мемлекетіміздің шаңырағын шайқалтып, іргетасын бұзуды ғана ойлайды.

Дәл қазіргі уақытта Мемлекет басшысының қасына топтасып, қиын кезеңде жергілікті полицияға жәрдем беріп, ел іргесін бұзбауға тиіспіз. Барлық зиялы қауым осыны ескерсек екен.

Бұл содырлардың, лаңкес­тердің түпкілікті мақсаты, әрекеті Президент айтқандай зерт­теледі. Барлығы да жазасын алады. Сондай-ақ Қа­зақ­­стан үшін жаңа саяси-эко­­номикалық шешімдер қа­был­­данып, ынтымақ пен бір­лік­ті сақтауда бұндай келең­сіздіктің келешекте қайталан­бауына жұмыс жасалады.

Тәуелсіздік тұғырын сақ­тауда тәртіпсіздіктің тыйы­луына барлық азаматтар атсалысса деген тілектемін. Бүлікшіл топтың бүгінгі қимылына қарсы біздің Қызылорда өңірі ғана емес, бейбітшілікті сүйетін миллиардтаған халық та үн қосады. Ел мен жер амандығы тек өзімізге керек. Соны ұқсақ екен.

Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ,

ҚР Парламенті Сенатының депутаты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<