«Берекелі алтын күз» атты ертеңгілік өтті

633

0

№175 негізгі мектептің жанынан ашылған «Жансая» шағын орталығында «Берекелі алтын күз» атты ертеңгілік болып өтті.

 Ертеңгілікте балалар ән айтып, би биледі.Түрлі күз тақырыбында жұмбақтар шешті. Әсіресе, күз ханшайымының сұрақтарына жауап беріп, тапсырмаларын орындауы балаларға ерекше әсер етті.Бүлдіршіндер жатқа білетін күз туралы тақпақтарын ортаға салды.

 Балалар күзде пісетін жемістерден өз қолдарымен түрлі көз тартатын бұйымдар жасап, көрме ұйымдастырды.Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» атты Жолдауында «Біз-ұлан-ғайыр жерімен аса бай рухани тарихы бар елміз. Ұлы Даланың көз жеткісіз кең-байтақ аумағы тарихта түрлі рөл атқарған.Бірақ, осынау рухани географиялық белдеуді мекен еткен халықтың тонның ішкі бауындай байланысы ешқашан үзілмеген» деді. Шынымен де «Туған жер» бағдарламасы жалпы ұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналып отыр.Біз де кішкентай бөбектерге ауылымыз Айнакөлді жақсы көруді, ауылымыздың ерекшеліктерін түсініп өсуіне ықпалымызды тигізуге тырысамыз.Себебі, ауылымыздың топырағы құнарлы, жері шүйгін.Біздің ауылымыз егетін ақ картоптың дәмінің тәттілігі аңызға айналған.

 Ертеңгілікте балалардың тәтті үніне тамсанып, жеткіншектеріміздің ой ұшқырлығына куә болдық.Ауылымызды келешекті  кемелдендіре түсетін балалардың өсіп келе жатқанына бек сеніммен қайттық.

 

Ақбота Смағұлова,

«Жансая» шағын орталығының тәрбиешісі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<