Бүгін облыс орталығы Тасбөгет кентінде «Елі дархан, жері құт, киелі мекен Жаңақорған» атты Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді.
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2021/09/img_20210925_210029-763x1024.jpg)
Жалпы Жаңақорған ауданы бойынша биыл егістік көлемі жылдағыдан жақсы өнім беріп отыр. Жәрмеңкеге 14 ауылдық округтен 50 автокөлікке тиелген 180 тонна өнім әкелінді. Жәрмеңке өнімдері базар бағасынан 10-15 процент төмендетілген бағамен ұсынылды. Қазіргі таңда өңіріміздің брендіне баланған күріш дақылының 70 проценті жинап болдық. 1 қазанға дейін толық орып бітіреміз деген жоспарымыз бар. Күз – жазира даланың дархан дастарханы. Мәуелі мезгілдің мерекесі тарқамасын,- деді Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемов.
Жергілікті тұрғындар ауыл шаруашылығы өнімдерін көптеп сатып алып, өз ризашылықтарын жеткізіп жатты. Соның бірі қала тұрғыны Айдос Жансейілов:- Жәрмеңкеге азанымен ерте келдім. Бағасы қалтаға қонымды. Ризамын. Ет, сүт өнімдері ерекше сүйсіндірді. Тойшылық тойы тарқамасын,- дейді өз сөзінде.
Атап айтар болсақ, жәрмеңкеге қойылған өнім бағалары төмендегідей.
Жылқы еті-2000 теңге, сиыр еті-1750 теңге, қой еті-1900 теңге, тауық еті-850 теңге, жұмыртқа-25 теңге, жуа-85 теңге, картоп-150 теңгеден ұсынылды. Сондай-ақ тоқтылар 25000 мыңнан сатылуда.
Жәрмеңкеге келген көпшіліктің жүзінде қуаныш лебі сезіліп тұрды. Бұл – тоқшылық тойының тартуы еді.
Aqmeshitaptalygy.kz
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<