Бүгін – Дүниежүзілік аудармашылар күні. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі аудармашылар қауымын кәсіби мерекемен құтықтады, – деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.
1991 жылы Аудармашылардың Халықаралық федерациясы (International Fédération Internationale des Traducteurs, FIT) 30 қыркүйекті Халықаралық аудармашылар күні деп жариялаған болатын. БҰҰ 2017 жылдың 24 мамырында өткен кезекті отырысында кәсіби аудармашылардың халықтар арасындағы достықты арттыру, екі тараптың толыққанды түсіністігін қамтамасыз ету, мемлекеттер арасындағы қауіпсіздікті сақтауға қосқан үлесін ескеріп, қыркүйектің соңғы күнін «Аудармашылар күні» деп белгілеу туралы арнайы Резолюция қабылдаған. «Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті аудармашылар!»,-делінген желідегі жазбада.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<