Үкімет мұндай шешімді кәсіби күндерді құру шеңберінде қабылдаған еді.
Мұның геодезия және картография саласындағы кәсіби қызметкерлер үшін маңызы зор. Геодезия ғылымы біздің заманымызға дейін қалыптасты. Мысалы, 1700 жылы мысырлықтар геодезиялық өлшеу үшін «Папирус Ринд» тәжірибелік геометрия оқулығын құрастырды. Мысырлықтардың геодезиялық тәжірибесін көне гректер де қолданды. Геодезия сөзінің мағынасы грек тілінен аударғанда «жер бөлу» дегенді білдіреді.
Геодезиялық өлшеу жүргізу жұмыстары аумақ пен мемлекеттік шекараны, сондай-ақ, нақты жер телімдерін және азаматтық жер дауларын мемлекет тұрғысынан жайластыру мәселелерін шешу үшін қажет болды. Геодезиялық өлшеу техникасы – мемлекеттің әкімшілік-аумақтығын ұйымдастыру, жер иелену, жерді пайдаланудың құқықтық мәртебесін бекіту, түрлі нысан салу үшін әртүрлі карта мен атластар құрастырудың негізі. Қазіргі тәжірибе бойынша геодезияны – барлық жер бетін немесе жеке бөлігінің көлемін өлшеу арқылы оларды есептеп өңдеу, карталарды, жоспарлар мен көріністерін құрастыру, оларды инженерлік, экономикалық, басқа да мақсаттарға пайдаланатын әдістерді зерттейтін ғылымға жатқызады. Сондықтан инженерлік ғылым ретіндегі геодезия математика мен физикаға сүйенген географиямен де, сондай-ақ, геология, геоморфология мен топырақ зерттеу, егін шаруашылығы мен геоботаника, жерге орналастыру, сәулет және құрылыс жобалаумен тығыз байланысты.
«Қазгеодезия» РМҚК «Қазгеокарт» филиалы – елдің геодезиялық қызметіне қатысушылардың бірі. Оның 1944 жылы құрылуы бастапқыда Қазақстанның аэрогеодезиялық жұмыстар жүргізуге қатысты картографиялық негіздерді өзектендіру қажеттілігімен байланысты болды. Осыған дейін ұйымдық-құқықтық нысан едәуір өзгерістерді бастан кешірді. Мәселен, 1944 жылы КСРО Геодезия және картография бас басқармасы, 1991 жылы № 6 Қазақ аэрогеодезиялық кәсіпорнынан Алматы геодезиялық орталығы, 1992 жылы Алматы картографиялық-геодезиялық кәсіпорны, 1993 жылы «Алматыгеокарт» өндірістік бірлестігі, 2000 жылдан бастап «Қазгеокарт» республикалық кәсіпорны, қазір «Қазгеодезия» РМҚК «Қазгеокарт» филиалы деп аталады.

>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<