Бүгінгінің Робинзонын білесіз бе?

364

0

Бүгінгінің Робинзонын білесіз бе? Брендон Гримшоу тірі жан жоқ аралда 50 жылын өткізген адам. Нәтижесінде тастанды арал Брендонның еңбегінің арқасында гүлденген жаннатқа айналған. 2008 жылдары аралды Бренденнан 50 миллион долларға сатып алғысы келген. Бірақ бүгінгінің Робинзоны миллиондаған ақшадан бас тартыпты. Не үшін?
1962 жылы ағылшын азаматы қырыққа таяп қалғанда, газеттегі жұмысын тастап, Сейшел аралдары Республикасына тиесілі Үнді мұхитындағы шағын ғана Муайен аралын 13 мың долларға сатып алып, өмірінің соңына дейін иен аралда жасаған.
Соңғы 50 жылда адам аяғы тимеген аралда шөптің қалыңдыңы сонша, жоғарыдан құлаған кокос жаңғағы жерге дейін түспейтін. Алғашында Гримшоу аралды жаяу аралай да алмаған. Бүгінгінің Робинзоны жергілікті тұрғындар арасынан өзіне көмекші болатын Жұмабайды (Рене Лафортен) тауып алады. Екеуі бірлесіп аралда үй салған. 50 жыл бойы Рене Лафортен жиі-жиі Гримшоуға көмектесу үшін аралға келіп тұрған. 39 жылдың ішінде екеуі 16 мың ағаш отырғызып, 5 шақырымдық жол салған.
2007 жылы Рене Лафортен қайтыс болған. Ол кезде Гримшоудың жасы 81-де еді. Ол осы 50 жыл ішінде аралға 2000 жаңа құс түрлерін алып келді және әлемде (соның ішінде Сейшел аралдарында) жойылып кету шегіне жеткен жүзден астам алып тасбақа өсірді. Брендонның қажырлы еңбегінің арқасында Муайен Сейшел аралдарының ішіндегі ең көрікті аралға айналды. Бір кездері Гримшоу аралға қарақшылар қазына тығып кеткен деген сыбыстарға кеніп, алтын да іздеген. Ештеңе таппағасын өзінің табиғатты қорғау атты сүйікті жұмысына қайта кіріскен.
Тастанды арал жарты ғасыр ішінде жұмаққа айналғанын көрген Сауд Арабиясының ханзадасы оған 50 миллион долларға аралыңды сат деген көрінеді. Бірақ Брендон көнбеген. Оның айтуынша, арал байлар демалатын орынға айналғаннан гөрі, кез келген қонақ келіп ләззат алатын ұлттық саябақ болып қалғаны жақсы. 2008 жылы арал шынымен де ұлттық саябақ деп жарияланған. Гримшоу әр келген қонақты ыстық ықыласпен күтіп алған. Және аралдың кіре берісіне «Тасбақаларды құрметтеңіздер, олардың ішінде сізден жасы әлдеқайда үлкендері де бар» деп жазып қойған. Гримшоу тасбақаларды қатты жақсы көрген. Олардың әрқайсысына есім де берген.
Осыдан соң аралға ғажайып, қызықты әңгімелерді тыңдау үшін журналисттер жиі-жиі келе бастаған. Өмірінің соңында оған арнап 75 минуттық арнайы деректі фильм де түсірілді. Кезекті сұхбат кезінде тілшілер Гримшоудан «өзіңізді жалғыз сезінетін кездеріңіз болды ма?», – деп сұранда ол: «Иә, болды, Лондонда пәтер жалдап тұрған кезімде өзімді жалғыз сезінетінмін», – деп жауап берген.

Дереккөз: massaget.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<