Биік өкшелі аяқ киімді алғашында ерлер киген

823

0

Табиғат ана жүрген кезде бар күш табанның барлық бөлігіне түсетіндей етіп жаратқан. Өкшені тақаға тұрғызу арқылы біз бар күшті бармақтарға түсіреміз. Тіпті кішкентай тақаның өзі саусақтарға түсетін күшті 22%-ға арттырады, ал жетісантиметрлі тақада ол екі есе ауыртпалық алады.

Бірақ биік тақа киіп, өзін жақсы сезінетін қыздар аз емес. Бұны табанның анатомиялық құрылысымен түсіндіруге болады. Қалай болғанда да, мамандар 8 сантиметрден жоғары тақалы аяқ-киімді аптасына 2-3 реттен көп кимеуге кеңес береді

Алайда биік тақалы аяқ-киімдердің сырт келбетті сұлулыққа бөлейтін ерекше қасиеті бар: Ол аяқтарды сымбатты етіп, бойды ұзартады. Сырт көзге аяқтарды ұзын етіп көрсетеді.

Биік, жіңішке тақалы аяқ-киімдегі қыздардың жүрісі нәзік, ал бұл еркектердің көзінше оларды қорғансыз көрсетіп, тартымды етеді. Жапон гейшалары, мысалы, биік платформалы гэтаны дәл осы биязылығы мен әлсіздігін көрсету үшін киеді.

Биік тақада жүріп-тұру үшін иықтарды тік ұстап, бар салмақты белге салу керек болады. Ал бұл пішінге сымбаттылық пен сенімділік береді.

Бір қызығы, биік өкшелі аяқ киімді алғашында ерлер киген екен. Оныншы ғасырда парсылық атты әскерлер адамзат тарихында алғаш рет биік өкшелі аяқ киім киген. Bata Shoe музейінің қызметкері Элизабет Земмельхактың айтуынша, олар тақасы ұзын аяқ киімді ат үстінде садақ тартқанда тепе-теңдік ұстау үшін киген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<