Біле жүріңіз. Қай кезде балық ауламайсыз?

885

0

Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде Арал теңізіне құяр сағадан Түркістан облысының әкімшілік шекарасына дейінгі Сырдария өзенінде 1 сәуiр мен 30 мамырды қоса алғандағы аралықта, Кiшi Арал теңiзiнiң су айлағында 1 мамырдан 10 маусымды қоса алғандағы аралықта, Қызылорда облысының шегіндегі су айдындарында 20 сәуірден 10 маусымды қоса алғандағы аралықта, Сарышығанақ және Бутаковка шығанағында сонымен қатар, осы шығанақтарды байланыстыратын сағаларда мұздың ыдырауынан бастап маусымның 10-на дейін балық аулауға тыйым салу енгізілген.

Сонымен қатар, артемияның көбеюі кезеңінде Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекарасына дейін Қазақстан Республикасының аумағы шегінде Тұщыбас, Чернышева шығанақтарын қоса алғанда, Үлкен Арал теңізінде 1 сәуірден 31 шілдені қоса алғандағы аралықта артемия жұмыртқаларын жинауға және дайындауға тыйым салынғандығын хабарлаймыз.

Облыс аумағындағы барлық табиғат пайдаланушыларының балық шаруашылығын жүргізу келісім шартына сәйкес жоғарыда көрсетілген кезеңдерде бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық ресурстары мен басқа да су жануарларының қорғалуын қамтамасыз ету қажеттілігін назарларыңызға саламыз.

Байланыс телефондары: 8 (7242) 29-04-00

Арал-Сырдария облысаралық

бассейндік балық шаруашылығы

инспекциясының балық

шаруашылығы бөлімі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<