Білім берудегі ең маңызды педагогикалық жағдайларға мұғалімнің пәндік құзыреттілігі жатады. Осыған орай, 19-30 қыркүйек аралығында «Өрлеу» облыстық филиалында математика пәні мұғалімдерінің пәндік біліктілігін арттыру, пәндік құзыреттіліктерін жетілдіру, GeoGebra көмегімен стереометриялық есептерді, логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешуге бағытталған.
Курс барысында мұғалімдер 10-11 сыныптардың «Алгебра және анализ бастамалары» және «Геометрия» курстарының күрделі тақырыптарының теориялық негіздерін түсіну;
10-11 сыныптардың «Алгебра және анализ бастамалары» және «Геометрия» курстарының күрделі тақырыптарының есептерін шешу әдістерін қолдану;
Мектеп математика курсының 10-11 сыныптарының ең күрделі тақырыптарын оқу үшін сабақтарды жобалау және жеке тапсырмалар жасау;
Lesson Study бағдарламасын курстан кейінгі кезеңде оқытудың өзіндік практикасын жетілдіру дағдыларын меңгеретін болады.
Педагогтеріміздің жаңа білім беру бағдарламаларын табысты меңгеруіне сәттілік тілейміз!
Оразбай Орманов,
«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<